«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 6 ақпандағы № 193-VІІ Заңы (2026.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-бап. Цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік бақылау

Цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер нысанында жүзеге асырылады.

 

 

 

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

13-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық активтер саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

 

2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

     Президенті

 

      Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 6 ақпан

          № 193-VІІ ҚРЗ